ITS 186 ETF бағалы қағаздарымен саудасын бастайды

2023 жылдың 31 қазанында ITS Америка Құрама Штаттарында тізімделген 186 ETF (биржалық қорлар) бағалы қағаздарымен сауда-саттықты бастайды. Бұл тізімге маржиналдық ETF-тер де кіреді. Жаңа құралдар инвесторларға портфельдерін диверсификациялауға және ETF нарығының жаһандық өтімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

ETF - бұл ашық компаниялардың акциялары сияқты қор биржасында сатылатын биржалық инвестициялық қорлар. ITS-те State Street Global Advisors, BlackRock Financial Management, Vanguard, Invesco, Charles Schwab сияқты әлемдегі активтерді басқару бойынша ең ірі компанияларының ETF-тері орын алады.

ITS тізімінде көрсетілетін қорлардың көпшілігі әлемдік жетекші индекстерді (S&P, Nasdaq-100, Russell, MCSI, Dow Jones және т.б.) негізгі көрсеткіш (benchmark) ретінде пайдаланатын индекстік инвестициялық құралдар болып табылады.

ITS-те әртүрлі кластардың активтерінен тұратын ETF қолжетімді болады. Осыған орай қор менеджерлері әртүрлі инвестициялық стратегияларды ұстана алады. Олардың арасында:

  • 139 қор акцияларға инвестициялайды. Олардың арасында SPDR S&P 500 (SPY), Vanguard S&P 500 (VOO), Invesco QQQ Trust, Series 1 (QQQ) сияқты танымал ETF-тер бар.
  • 16 қор борыштық бағалы қағаздарға инвестициялайды. Осы ETF арасында iShares Core U.S., Aggregate Bond (AGG), iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF (LQD), iShares 20+ Year Treasury Bond (TLT). 
  • Үш қор алтын және күміс құймаларына инвестициялайды: SPDR Gold Trust (GLD) және iShares Gold Trust (IAU) және iShares Silver Trust (SLV).

«Бүкіл әлемде сұранысқа ие ETF-тер енді ITS инвесторлары үшін қолжетімді болады, - деді ITS Басқарма төрағасы Шыңғыс Қанапьянов. — ETF – бұл бағалы қағаздар себеті. Мұндай қордың акцияларын сатып алу арқылы инвестор оған кіретін барлық бағалы қағаздардың иесі болады. Сауда-саттыққа ұсынылатын ETF географиялық және салалық диверсификациялаудың түрлі нұсқаларын ұсынатын кеңінен танылған инвестициялық стратегиялармен бірге инвесторларға дивидендтік акцияларға, ESG бағдарламалары бар халықаралық компаниялардың акцияларына,  автономды және электрлік көлік, жартылай өткізгіштер нарығы, биотехнология және әлемдік экономиканың көптеген басқа секторларының акцияларына инвестициялау мүмкіндігін береді».

Облигацияларға ETF инвестициялары инвесторларға ұзақ диапазондары бар облигациялар нарығының кірістілік қисығының нақты сегменттеріндегі баға қозғалысына назар аудара отырып, учетттық мөлшерлемелердің қайта қарастыру кезеңдеріндегі қаржы нарығындағы өзгерістердің артықшылығын пайдалануға мүмкіндік береді. SPDR Bloomberg Convertible Securities ETF (CWB) өтімді конвертациялық облигациялар сегментіне инвестициялауға мүмкіндік береді.

Құралдардың жаңа тізіміне 18 маржалық ETF бағалы қағаздары кіреді. Фондтар алтын, жылжымайтын мүлік, киберқауіпсіздік, қаржылық технологиялар және өз акцияларын өздері сатып алатын компаниялар сияқты түрлі нарық секторларына және  инвестициялық идеяларға инвестициялауға мүмкіндік береді.

Маржиналдық ETF-тер эталондық индекспен корреляцияланған кірістілік үшін қажет. Сонымен қатар оның күнделікті кірістілігін екі есе (2x) немесе үш есе (3x) арттыруға немесе керісінше, эталондық индекстің - бір (-1x), екі (- 2x) немесе үш (-3x) рет кері қайтарылуын көрсетуге арналған Маржиналдық қорларға левереджді қаржы құралдары кіреді, соның ішінде фьючерстік келісім-шарттар, опциондар, своп және форвардтық келісімдер және т.б.

Левередждік ETF қысқа мерзімді саудаға арналған. Мұндай қорлардың ұзақ уақыт кезеңдерінің (апталар, айлар немесе жылдардағы) көрсеткіштері қор провайдерлерінің мәлімдеген күнделікті қызмет көрсеткіштерінен айтарлықтай ауытқуы мүмкін, бұл елеулі және кенеттен қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін. Жоғары құбылмалылық кезінде жоғалту қаупі айтарлықтай артады.

ETF саудасы АҚШ листингіндегі эмитенттердің сауда күнтізбесіне сәйкес АҚШ долларымен жүргізіледі. ETF бойынша есеп айырысу операция жасалған күннен бастап екінші есеп айырысу күнінде жүзеге асырылады (T+2). Ең аз лот – бір бағалы қағаз. 2023 жылдың 31 қазанынан бастап ETF саудасы Астана уақыты бойынша сағат 13:00-ден 02:00-ге дейін өтеді.

ITS-те ETF бастапқы листинг сайттарының қосымша өтімділігін пайдалана отырып саудаланады. Бұл қосымшаларды кез келген көлемде және ең жақсы орындау принципіне (best execution) сәйкес өңдеуге мүмкіндік береді. 

 

ETF бағалы қағаздар тізімі

No data available

XLSX форматында кестені жүктеу

 

ITS туралы ақпараттар

ITS – өтімділіктің халықаралық хабы. Best execution принцепі мен smart order routing технологиясы негізіндегі бизнес-модельмен құнды қағаздар сауда-саттығын жүргізетін алаң. Яғни, ITS инвесторларға құнды қағаздарды жаһандық қаржы нарығындағы тиімді бағада әрі кез келген көлемде ұсынады.  

ITS-тегі сауда сессиясының ұзақтығы тәулігіне 16 сағаттан аптасына 5 күн жүргізіледі. Сауда Астана уақытымен сағат 11:00 басталып, 03:00 жабылады. Яғни, Азия, Еуропа және Америка биржаларының жұмыс уақыты қамтылады.



ITS баспасөз қызметі
pr@itsx.kz