Қаңтардың қорытындысы: сауда-саттық көлемі – $1,60 млрд, ITS құралдары – Tabadul платформасында, алтын мен күміске сұраныс күрт өсті
ITS халықаралық сауда алаңы 2026 жылдың қаңтар айында жаңа брокерді қосты, инвесторларға асыл металдарға жаһандық сұраныстың өсуін пайдалануға мүмкіндік берді, сондай-ақ Қазақстанда әзірленген инвестициялық өнімдерді Tabadul платформасы арқылы халықаралық нарыққа шығарды.
Қаңтар айында сауда көлемі $1,60 млрд құрады, ал желтоқсанда бұл көрсеткіш $1,63 млрд болған. Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі $80 млн-нан $74 млн-ға дейін өсті. 2026 жылдың алғашқы айында ITS платформасында инвесторлар барлығы 329 мың мәміле жасады, ал алдыңғы айда бұл көрсеткіш 260 мың мәміле еді.
Қаңтарда ең сұранысқа ие құралдар мына эмитенттердің акциялары мен ETF болды: Tesla Inc. (TSLA), NVIDIA Corporation (NVDA), Freedom Holding Corp. (FRHC), Alphabet Inc. Class A (GOOGL), MicroStrategy Inc. (MSTR), ProShares Ultra Bloomberg Natural Gas (BOIL), iShares Silver Trust (SLV), SPDR Gold Shares (GLD), Meta Platforms Inc. (META), Micron Technology Inc. (MU).
Алғаш рет ең жақсы саудаланатын топ-10 құралдар қатарына асыл металдарға ETF кірді. Алтынға (GLD) ETF бойынша сауда-саттық көлемі $16,6 млн құрады. 739 бірегей инвестор бұл құралмен шамамен 1500 мәміле жасады. Күміске (SLV) ETF бойынша сауда-саттық көлемі $17,4 млн жетті, инвесторлардың саны 1500-ден асты, ал мәмілелер саны 5557 құрады.
ITS платформасында асыл металдар (алтын, күміс, платина) мен өнеркәсіптік металдар (мыс, алюминий) бойынша құралдардың кең желісіне қол жеткізуге болады.
Қаңтар айында ITS алаңындағы инвесторлар саны сауда-саттыққа Сентрас Секьюритиз – 2004 жылдан бері қор нарығында жұмыс істеп келе жатқан Қазақстанның жетекші брокері және дилерінің қосылуы есебінен артты. Компания ITS алаңына қосылған нарықтағы 19-шы кәсіпқой қатысушы болды.
ITS өнімдеріне қаржы салатын инвесторлар санының өсуі жалғасты – қаңтар айында Таяу Шығыс пен Орталық Азияның биржаларын біріктіретін Tabadul цифрлық платформасы әлемнің түкпір-түкпіріндегі инвесторларға ITS меншікті индекстеріне негізделген биржалық қорларға – флагмандық ITS World (ITSW) және халал ITS Shariah (ITSS) қорына, сондай-ақ халықаралық компаниялардың акцияларына бағдарланған ITS Single Stock желісіне қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Әлемнің 50 жетекші компаниясының акцияларын қамтитын ITS World (ITSW) индексі 2025 жылдың соңынан бері 4 пайыздан астам өсіп, 28 қаңтарда 1593,85 тармақ деңгейіндегі рекордтық мәнге жетті.
Қаңтар айында ITS алаңы «Астана» халықаралық қаржы орталығымен (АХҚО) бірге Орталық Азия мен Күнгей Кавказдағы исламдық қаржы қағидаттарына сәйкес келетін жалғыз биржалық қор – ITSS айналысының бірінші жылының қорытындысын шығарды.
2025 жылы ITS алаңының меншікті индексі – ITS Shariah динамикасын қадағалайтын ITSS табыстылығы индекстің құрамындағы компаниялардың дивидендтік төлемдерін ескергенде, 25,5% құрады. Ал қызметі шариғат талаптарына сай келетін АҚШ-тағы ең ірі 30 компанияның акцияларын қамтитын ITS Shariah индексінің өзі 23,6% өсіп, S&P 500 (+16,4%) индексінен айтарлықтай озды, осылайша ITS исламдық өнімінің жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті екендігін растады.
Сондай-ақ қаңтар айында ITS негізгі сауда инфрақұрылымын QazCloud компаниясының деректерді өңдеу орталығына көшіруді аяқтады. Бұл сауда-саттық көлемі, мәмілелер саны және брокерлер қатары өсіп жатқан жағдайда цифрлық экожүйенің сенімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
ITS туралы
ITS – АХҚО юрисдикциясында жұмыс істейтін сауда алаңы. ITS инвесторларға АҚШ пен Қазақстанда листингтен өткен жаһандық нарықтың 3200-ден астам қаржы құралын ұсынады. ITS әзірлеген бірегей өнімдердің қатарында – меншікті индекстерге негізделген биржалық қорлар және Нью-Йоркте сауда-саттық басталғанға дейін IPO-ға шығатын компаниялардың акцияларымен сауда жасау мүмкіндігі.
2025 жылы ITS рекордтық нәтиже көрсетті: сауда-саттықтың жиынтық көлемі $14 млрд асты, бұл 2024 жыл көрсеткішінен 70 есе көп. Сауда-саттыққа қол жеткізе алатын инвесторлардың саны 1,2 млн адамнан асты, ал платформада Қазақстан, Армения, Болгария, Кипр, Оман және Оңтүстік Африка Республикасы сынды 6 елден 19 қатысушы жұмыс істейді.
ITS алаңының тікелей клиенттері Қазақстан мен басқа елдердің бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылары – АХҚО-да аккредиттелген, сол сияқты тікелей тіркелген қаржылық делдалдар болып табылады. Жекеше және корпоративтік инвесторлар сауда-саттыққа қаржы делдалдары – брокерлер мен банктер арқылы шығады.
ITS баспасөз қызметі