ITS ESMA еуропалық реттеушінің талаптарына сәйкес келеді

Еуропалық бағалы қағаздар мен нарықтар органы (ESMA) ITS халықаралық сауда платформасын еуропалық реттеушінің талаптарына сәйкестігі бойынша оң бағасы бар компаниялар тізіміне қосты.

ITS-тің ESMA тізіміне қосылуы платформаның ұсынып отырған құралдарға қатысты транзакциялар туралы ақпаратты міндетті түрде ашудың ашықтық критерийлеріне сәйкес келетінін растайды.

Қаржы нарығының ережелеріне сәйкес еуропалық қаржы делдалдары Еуропалық Одақтан тыс сауда алаңдарында жүзеге асырылған транзакциялар туралы реттеушілерге есеп беруге міндетті. ITS-ті ESMA тізіміне қосу мұндай шектеулерді жояды.

«ESMA талаптарының сәйкестік тізіміне қосылуымыз ITS бизнес моделінің тексеруші органдар үшін ашық, сауда қатысушылары үшін ыңғайлы және үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес келетінінің айқын дәлелі болды», - деді ITS Басқарма төрағасы Шыңғыс Қанапьянов.

 

ITS туралы ақпараттар
ITS – өтімділіктің халықаралық хабы. Best execution принцепі мен smart order routing технологиясы негізіндегі бизнес-модельмен құнды қағаздар сауда-саттығын жүргізетін алаң. Яғни, ITS инвесторларға құнды қағаздарды жаһандық қаржы нарығындағы тиімді бағада әрі кез келген көлемде ұсынады.  

ITS-тегі сауда сессиясының ұзақтығы тәулігіне 16 сағаттан аптасына 5 күн жүргізіледі. Сауда Астана уақытымен сағат 11:00 басталып, 03:00 жабылады. Яғни, Азия, Еуропа және Америка биржаларының жұмыс уақыты қамтылады.



ITS баспасөз қызметі
pr@itsx.kz