ITS инвестициялық құралдар желісін кеңейтуде: 28 жаңа акция мен биржалық қор қолжетімді болады
ITS халықаралық сауда алаңы инвестициялық шешімдердің ұсынысын дәйекті түрде кеңейтуді жалғастыруда. 2025 жылғы 8 шілдеден бастап инвесторлар үшін АҚШ нарығындағы 28 жаңа құрал қолжетімді болмақ – бұл биржалық қорлардың бағалы қағаздары мен жария компаниялардың акциялары.
- Graniteshares 2x Long AMD Daily ETF (тикер: AMDL) – биржалық қор, AMD акцияларының күндік бағасының екі есе өзгерісін көрсетеді
- SailPoint, Inc. (SAIL) –цифрлық сәйкестікті басқару бойынша маманданған киберқауіпсіздік саласындағы компания
- Global X Cybersecurity ETF (BUG) – жетекші киберқауіпсіздік компанияларына инвестициялайтын биржалық қор
- Amplify Cybersecurity ETF (HACK) – киберқауіпсіздік секторына шоғырланған биржалық қор
- MINISO Group Holding Limited (MNSO) –күнделікті тұтыну тауарларына арналған қытайлық бөлшек сауда желісі
- Globalstar, Inc. (GSAT) –жерсеріктік байланыс провайдері
- Select STOXX Europe Aerospace & Defense ETF (EUAD) – еуропалық аэроғарыш және қорғаныс компанияларын қамтитын ETF
- Rigetti Computing, Inc. (RGTI) – кванттық есептеу технологияларын әзірлеуші
- Standard Lithium Ltd. (SLI) – Солтүстік Америкадағы литий жобаларын әзірлеуші
- Douglas Elliman Inc. (DOUG) – америкалық жылжымайтын мүлік агенттігі
- Global X Artificial Intelligence & Technology ETF (AIQ) – жасанды интеллект пен озық технологияларға маманданған компанияларға инвестиция жасайтын ETF
- Schwab U.S. Aggregate Bond ETF (SCHZ) – АҚШ облигациялары нарығын кеңінен қамтитын ETF
- Nutex Health Inc. (NUTX) – амбулаторлық медициналық қызметтерді ұсынатын компания
- First Trust NASDAQ Clean Edge Smart Grid ETF (GRID) – «ақылды» энергетикалық инфрақұрылымға инвестициялайтын ETF
- Neos S&P 500 High Income ETF (SPYI) – S&P 500 индексінің акциялары мен сол индекс бойынша колл-опциондар арқылы кіріс алуға бағытталған ETF
- Neos Nasdaq-100 High Income ETF (QQQI) – Nasdaq-100 индексінің акциялары мен осы индекс бойынша колл-опциондарға инвестиция жасайтын ETF
- VistaShares Target 15 Berkshire Select Income ETF (OMAH) – тұрақты табысқа бағытталған биржалық қор, Berkshire Hathaway философиясымен байланысты
- Vanguard Short-Term Treasury ETF (VGSH) – АҚШ-тың қысқа мерзімді қазынашылық облигацияларына инвестиция жасайтын ETF
- VanEck Digital Transformation ETF (DAPP) – цифрлық трансформациямен айналысатын компанияларға бағытталған биржалық қор
- Vanguard Russell 3000 ETF (VTHR) – америкалық акциялар нарығын кеңінен қамтитын ETF
- iShares Russell 3000 ETF (IWV) – Russell 3000 индексін бақылайтын iShares қорынан балама биржалық қор
- VanEck Uranium and Nuclear ETF (NLR) – ядролық энергетика мен уран өндіру салаларына инвестициялайтын ETF
- iShares U.S. Insurance ETF (IAK) – АҚШ-тың сақтандыру секторын бақылайтын биржалық қор
- iShares Treasury Floating Rate Bond ETF (TFLO) – өзгермелі пайыздық мөлшерлемесі бар облигацияларға инвестициялайтын ETF
- Quantum-Si Incorporated (QSI) – биотехнология саласындағы компания
- Goldman Sachs Access Treasury 0-1 Year ETF (GBIL) – АҚШ-тың қысқа мерзімді қазынашылық облигацияларына бағытталған ETF
- SPDR Dow Jones International Real Estate ETF (RWX) – халықаралық жылжымайтын мүлік секторындағы компанияларға инвестициялайтын биржалық фонд
- Nordic American Tankers Limited (NAT) – мұнай тасымалымен айналысатын кеме қатынасы компаниясы
ITS платформасында 299 ETF-ті қоса алғанда, 3000-нан астам халықаралық бағалы қағаз қолжетімді. Бұл бағалы қағаздар әлемдік экономиканың негізгі салаларын қамтитын Dow Jones Industrial Average, Nasdaq-100 және S&P 500 сияқты ірі әлемдік индекстерге енеді.
ITS-дегі сауда сессиясының ұзақтығы – шамамен 18 сағат: Астана уақыты бойынша таңғы 10:00-ден келесі күнгі 03:45-ке дейін. Мұндай ұзақ сауда уақыты инвесторларға корпоративтік және экономикалық оқиғаларға жедел әрекет ете отырып, инвестициялық портфельдерін тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
ITS туралы ақпарат
ITS – халықаралық өтімділік хабы. ITS бизнес моделінің негізінде жатқан best execution қағидасы мен smart order routing өтімділікті қамтамасыз ету технологиясы инвесторларға жаһандық қаржы нарығындағы ең жақсы бағамен және кез келген көлемде бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға мүмкіндік береді. Осы технологияның арқасында ITS алаңындағы шетелдік бағалы қағаздар бойынша өтімділік осы бағалы қағаздар саудаланатын жетекші халықаралық алаңдардағымен бірдей.
ITS Central Securities Depository Limited – ITS орталық депозитарийі бағалы қағаздарды сақтау және онымен есеп айырысу бойынша депозитарлық қызмет көрсетеді. Депозитарий АҚШ салық қызметінен Ұстап тұратын білікті делдал (Qualified Intermediary with primary withholding responsibility, WQI) мәртебесін алды.
Central Counterparty – ITS негізгі контрагенті клирингке қатысушылардың барлық міндеттемелері бойынша бір тарап болып табылады және ITS сауда-саттық алаңында жасалатын мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асырады.
ITS алаңы ITS World (ITSW) және ITS Shariah (ITSS) өз индекстерін есептейді.
ITS алаңының тікелей клиенттері Қазақстан мен басқа елдердің бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылары – АХҚО-да аккредиттелген, сол сияқты тікелей тіркелген қаржылық делдалдар болып табылады. Инвесторлар – жеке және заңды тұлғалар сауда-саттыққа қаржы делдалдары – брокерлер мен банктер арқылы шығады.
ITS баспасөз қызметі
pr@itsx.kz
ITS ресми телеграм арнасы
ITS ресми инстаграм аккаунты