Қазпошта ITS сауда-саттығына қатысушы мәртебесін алды

Қазпошта ITS сауда-саттығына қатысушы мәртебесін алып, бір ай ішінде өз клиенттеріне халықаралық сауда алаңында бағалы қағаздармен мәміле жасау мүмкіндігін ұсынады.

«Қазпошта» АҚ – Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы және мемлекеттік инфрақұрылымның негізгі элементтерінің бірі. Компания атаулы ұстаушы құқығымен брокерлік және дилерлік қызметке, сондай-ақ трансфер-агенттік қызметтерге лицензияларға ие.

«ITS сауда-саттығына шығуымыз корпоративтік және бөлшек клиенттерге қызмет көрсетуді дамытуға, қаржы ағындарын оңтайландыруға жаңа мүмкіндіктер ашады және біздің компанияның бағалы қағаздар нарығындағы негізгі ойыншы ретіндегі рөлін нығайтады», – деп атап өтті «Қазпошта» АҚ басқарма төрайымы Әсел Жанасова.

Еліміздегі ең ірі филиалдық желіге ие Қазпоштаның ITS сауда-саттығына қосылуы халықаралық бағалы қағаздармен және ETF-термен сауда жасауға қол жеткізетін инвесторлар санын айтарлықтай арттырады және Астана халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығын дамытудағы рөлін ерекше көрсетеді.

«Біз Қазпоштаның ITS сауда-саттығына қосылуы АХҚО миссиясына – қаржы индустриясын инвестициялар үшін қолжетімді әрі тартымды етуге, инновацияларды енгізуге және жұмыс орындарын құруға бағытталған мақсаттарына толық сәйкес келеді деп санаймыз», – деді ITS басқарма төрағасы Шыңғыс Қанапиянов.

ITS инвесторларға 3000-нан астам халықаралық бағалы қағазға, оның ішінде 276 ETF-ке қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады. Сауда сессиясы Астана уақытымен таңғы 10:00-ден келесі күнгі 03:45-ке дейін созылады, бұл инвесторларға корпоративтік және экономикалық оқиғаларға жедел әрекет ете отырып, инвестициялық портфельдерін тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

 

ITS туралы ақпарат

ITS – халықаралық өтімділік хабы. ITS бизнес моделінің негізінде жатқан best execution қағидасы мен smart order routing өтімділікті қамтамасыз ету технологиясы инвесторларға жаһандық қаржы нарығындағы ең жақсы бағамен және кез келген көлемде бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға мүмкіндік береді. Осы технологияның арқасында ITS алаңындағы шетелдік бағалы қағаздар бойынша өтімділік осы бағалы қағаздар саудаланатын жетекші халықаралық алаңдардағымен бірдей.

ITS Central Securities Depository Limited – ITS орталық депозитарийі бағалы қағаздарды сақтау және онымен есеп айырысу бойынша депозитарлық қызмет көрсетеді. Депозитарий АҚШ салық қызметінен Ұстап тұратын білікті делдал (Qualified Intermediary with primary withholding responsibility, WQI) мәртебесін алды.

Central Counterparty – ITS негізгі контрагенті клирингке қатысушылардың барлық міндеттемелері бойынша бір тарап болып табылады және ITS сауда-саттық алаңында жасалатын мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асырады.

ITS алаңы ITS World (ITSW) және ITS Shariah (ITSS) өз индекстерін есептейді.

ITS алаңының тікелей клиенттері Қазақстан мен басқа елдердің бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылары – АХҚО-да аккредиттелген, сол сияқты тікелей тіркелген қаржылық делдалдар болып табылады. Инвесторлар – жеке және заңды тұлғалар сауда-саттыққа қаржы делдалдары – брокерлер мен банктер арқылы шығады.

 

ITS баспасөз қызметі
pr@itsx.kz
ITS ресми телеграм арнасы