ITS-тегі сауда-саттық көлемі 2024 жылдың қараша айында рекордтық 66 млн долларға жетті

2024 жылдың қараша айында ITS халықаралық сауда алаңындағы акциялар мен депозитарлық куәландырғыштармен сауда-саттық көлемі бұрын-соңды болмаған 66,2 млн долларға жетіп, өткен аймен салыстырғанда 71% өсті (38,7 млн доллар).

Қараша айындағы жалпы сауда көлемінің өсуі ITS-те сауда жасауға мүмкіндігі бар брокерлер қатарына жаңа клиенттердің қосылуы мен сауда құралдары тізбесінің кеңеюіне байланысты.

«Қараша айында біз өзіміздің индексіміз бойынша ETF саудасының басталуы және ITS-те сауда жасайтын инвесторлардың жалпы санының өсуінің арқасында көлемінің рекордтық деңгейге жеткенін байқадық. Біз сауда көлемінің өсуі жалғаса береді деп күтеміз, ал сауда алаңы өз кезегінде құралдар тізбесін одан әрі кеңейте береді», - деді ITS бас директоры Шыңғыс Қанапиянов.

Өз сауда инфрақұрылымын құрғаннан кейін ITS қараша айынан бастап Қазақстан қаржы нарығында және Орталық Азияда алғашқы рет өз индексі бойынша ITS World индекстік ETF-пен саудаға кірісті, бұл «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) юрисдикциясының шарттары мен реттеуінің арқасында мүмкін болды.

Қараша айында сауда көлемі бойынша ең танымал он құнды қағазға ITS World ETF Fund (тикері: ITSW), сондай-ақ Freedom Holding Corp. (FRHC), SPDR Bloomberg (BIL), Bilibili (BILI), NVIDIA (NVDA), Advanced Micro Devices (AMD), Coinbase Global, Class A ( COIN), SPDR S&P 500 ETF Trust (SPY), MARA Holdings (MARA), Apple (AAPL) акциялары кірді.

Қараша айының соңында инвесторларға ITS саудасында АҚШ-тың NYSE және NASDAQ биржаларында, сондай-ақ қазақстандық AIX биржасында бастапқы листингі бар АҚШ, Еуропа және Азия компаниялары мен ETF-тің 2800-ден астам акциялары мен депозитарлық куәландырғыштары ұсынылды.

 

ITS туралы ақпарат

ITS халықаралық өтімділік орталығы болып табылады. ITS бизнес үлгісі инвесторларға әлемдік қаржы нарығында және кез келген көлемде best execution (ең жақсы бағамен) бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға мүмкіндік беретін және smart order routing (өтімділікті қамтамасыз ету) технологиясына негізделген. Осы технологиялардың арқасында ITS-те шетелдік бағалы қағаздардың өтімділігі бағалы қағаздар сатылатын жетекші халықаралық биржалардағымен бірдей.

ITS Central Securities Depository Limited - ITS орталық депозитарийі - бағалы қағаздарды сақтау және есеп айырысу бойынша депозитарлық қызметтерді көрсетеді.

Operating a clearing house acting as a Central Counterparty – ITS орталық контрагент ретінде әрекет ететін клирингтік орталықты басқару, клирингке қатысушылардың барлық міндеттемелерінің тарапы болып табылады және ITS сауда алаңында жасалған мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асырады.

ITS өзінің ITS World (ITSW) және ITS Shariah (ITSS) индекстерін есептейді.

ITS-тің тікелей клиенттері Қазақстанның және басқа елдердің бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары – аккредиттелген және АХҚО-да тікелей тіркелген қаржылық делдалдар болып табылады. Инвесторлар – жеке және заңды тұлғалар – брокерлер мен банктер арқылы сауда жасауға мүмкіндік алады.

 

ITS баспасөз қызметі
pr@itsx.kz
ITS-тің ресми телеграм каналы