ITSW индексі бойынша ETF акцияларына алғашқы күні жасалған сауда көлемі 0,62 млн АҚШ долларынан асты
ITSW индексі бойынша алғашқы сауда сессиясының ашылуындағы NAV (нақты активтердің таза құны) 10,1415 құрады. Алғашқы мәміле 10,1431 бағамен жасалды, ал соңғысы 10,3031 бағамен жасалды. Күн соңындағы NAV 10,2964 құрады. Демек, Орталық Азиядағы алғашқы ETF-тің таза активтерінің құны орналастырылған сәттен бастап 148 200 АҚШ долларына өсті.
ITS бас директоры Александр Диаковский былай деп атап өтті: «Сауда-саттықтың алғашқы күнінің мұндай бастамасын сәтті деп есептейміз, айналым таза активтердің құнының 12,4%-ын құрады, бұл фондтың өтімділігі алғашқы күндерден бастап әлемдік жетекші аналогтары деңгейінде екенін көрсетеді».
Centras компаниясының бас директоры Талғат Қамаров: «Нарықта жаңа құралдың шығуы инвесторлар үшін әрқашан жақсы жаңалық. Нарық қатысушыларының ETF-ке деген қызығушылығы артып келеді. Қазақстанда бұл өнім әзірге аз ұсынылған. Бірақ әлемдік үрдістер ETF фондтарының нарықты түбегейлі өзгертіп, оны инвесторлар үшін өтімділігі жоғары және қызықты ете алатындығын көрсетіп отыр».
Paidax компаниясының бас директоры Ануар Бексултанхожа: «ITS-тен шыққан жаңа индекстік фонд қазақстандық инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, оларға диверсификацияланған активтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Paidax компаниясында біз бұл қадамды нарықты дамытуға бағытталған қадам деп бағалаймыз, ол нарықтың тартымдылығын арттырып, біздің пайдаланушыларымызға капиталды өсіру үшін көбірек мүмкіндіктер береді».
Инвесторларға ITSW акцияларымен сауда-саттық жасау ITS сауда алаңына қосылған кез келген брокер арқылы қолжетімді.
ITSW құрамы, нақты уақыттағы динамикасы, индекс әдістемесі және басқа да құжаттар ITS сайтында жарияланған.
ITS туралы ақпарат:
ITS халықаралық өтімділік орталығы болып табылады. ITS бизнес үлгісі инвесторларға әлемдік қаржы нарығында және кез келген көлемде best execution (ең жақсы бағамен) бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға мүмкіндік беретін және smart order routing (өтімділікті қамтамасыз ету) технологиясына негізделген. Осы технологиялардың арқасында ITS-те шетелдік бағалы қағаздардың өтімділігі бағалы қағаздар сатылатын жетекші халықаралық биржалардағымен бірдей.
ITS-те 2800-ден астам халықаралық бағалы қағаздар, соның ішінде ETF, сондай-ақ акциялар мен депозитарлық куәландырулар бар. ITS-те ұсынылған халықаралық бағалы қағаздар Dow Jones Industrial Average, Nasdaq-100, S&P 500 сияқты әлемнің ең ірі индекстеріне кіреді және әлем экономикасының 69 саласын қамтиды.
ITSW қорының басқарушы компаниясы ретінде IPS Capital компаниясы таңдалды, ол АХҚО -дан жеке инвесторлардың қаржысын басқару лицензиясына ие.
ITS сауда сессиясының ұзақтығы дерлік 18 сағатты құрайды, ал бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу келесі сауда күні (Т+1) жүргізіледі.
ITS-тің тікелей клиенттері Қазақстан мен басқа елдердің қаржы нарығының кәсіби қатысушылары – АХҚО-да аккредитацияланған және тікелей тіркелген қаржылық делдалдар. Жеке және заңды тұлғалар – инвесторлар брокерлер мен банктер сияқты қаржылық делдалдар арқылы сауда-саттықа қол жеткізеді.
ITS баспасөз қызметі
ITS ресми телеграм каналы