27 маусымнан ITS өзінің жеке сауда және депозитарлық-клирингтік инфрақұрылымын сынақтан өткізе бастады

2024 жылдың 27 маусымнан бастап ITS халықаралық сауда алаңы сауда-саттыққа қатысушыларға сынақтық пайдалану үшін Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) локализацияланған жеке биржалық инфрақұрылымын ұсынды. Сынақ форматы биржалық нарықта қаржы делдалдарына есеп жүйесіне бейімделуге мүмкіндік береді.

Технологиялық жағынан әзірлікке сәйкесінше қаржы делдалдары ITS арқылы сауда-саттыққа қолжетімділікті отандық және халықаралық инвесторлар үшін қамтамасыз етеді. АХҚО-да тіркелген немесе аккредиттелген сауда-саттыққа қатысушылар екі ай ішінде клиенттерге инвестициялық қызмет көрсетеді деп күтілуде.

АХҚО негізінде құрылған ITS-тің жеке инфрақұрылымы есеп айырысу депозитарийін және клирингті қамтиды. Бұл инфрақұрылым посттрейдингтік қызмет көрсетудің толықтай циклын қамту үшін және инвесторлардың халықаралық инвестициялық құралдардың жаһандық өтімділігіне қолжетімділігін қамтамасыз етуге, шығындарды барынша азайтуға арналған.

2024 жылдың 12 сәуірінде ITS орталық контрагент ретінде жұмыс істеу және клирингтік функцияларды орындау үшін AFSA лицензиясын алды (Central Counterparty Clearing, CCP). ITS транзакцияларды жасау кезінде орталық контрагент моделін қолданатын Қазақстандағы алғашқы платформа болды. Өзінің биржалық инфрақұрылымының бөлігі ретінде ITS 2024 жылдың 6 маусымында орталық депозитарий ретінде жұмыс істеуге және бағалы қағаздарды есепке алу функцияларын орындауға AFSA лицензиясын алған ITS Central Securities Depository (CSD) еншілес ұйымын құрды.

ITS-те 1720 халықаралық бағалы қағаздар бар, оның ішінде 191 ETF, сондай-ақ акциялар мен депозитарлық қолхаттар. Бағалы қағаздармен сауда-саттық олардың бастапқы листинг валютасында – АҚШ долларында жүзеге асырылады. Қазақстаннының ұлттық валютасы теңгені АҚШ долларына айырбастау ITS сауда алаңында аккредиттелген брокерлердің қызметі арқылы жүзеге асырылады.

ITS-те ұсынылған халықаралық бағалы қағаздар Dow Jones Industrial Average, Nasdaq-100, S&P 500 сияқты әлемдегі ең ірі индекстерге кіреді және әлемдік экономиканың 69 саласын қамтиды.

ITS бойынша сауда-саттық сессиясының ұзақтығы 18 сағатқа жуық, Астана уақыты бойынша 10:00-ден келесі күні 03:45-ке дейін. Бұл инвесторларға корпоративтік және экономикалық жағдайларға жылдам жауап бере отырып, инвестициялық портфельдерін тиімдірек басқаруға мүмкіндік береді.

Бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу келесі сауда күнінде (T+1) жүзеге асырылады.   ITS сауда күнтізбесі NASDAQ және NYSE сауда күнтізбелерімен синхрондалады.

 

ITS туралы ақпарат

ITS халықаралық өтімділік орталығы болып табылады. ITS бизнес үлгісі инвесторларға әлемдік қаржы нарығында және кез келген көлемде best execution (ең жақсы бағамен) бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға мүмкіндік беретін және smart order routing (өтімділікті қамтамасыз ету) технологиясына негізделген. Осы технологиялардың арқасында ITS-те шетелдік бағалы қағаздардың өтімділігі бағалы қағаздар сатылатын жетекші халықаралық биржалардағымен бірдей.

ITS Central Securities Depository Limited - ITS орталық депозитарийі - бағалы қағаздарды сақтау және есеп айырысу бойынша депозитарлық қызметтерді көрсетеді.

Operating a clearing house acting as a Central Counterparty – ITS орталық контрагент ретінде әрекет ететін клирингтік орталықты басқару, клирингке қатысушылардың барлық міндеттемелерінің тарапы болып табылады және ITS сауда алаңында жасалған мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асырады.

ITS өзінің ITS World (ITSW) және ITS Shariah (ITSS) индекстерін есептейді.

ITS-тің тікелей клиенттері Қазақстанның және басқа елдердің бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары – аккредиттелген және АХҚО-да тікелей тіркелген қаржылық делдалдар болып табылады. Инвесторлар – жеке және заңды тұлғалар – брокерлер мен банктер арқылы сауда жасауға мүмкіндік алады.

 

ITS баспасөз қызметі
pr@itsx.kz
ITS-тің ресми телеграм каналы