ITS Исламдық қаржыландыру жəне бизнес қауымдастығына мүше болды
ITS «Астана» халықаралық қаржы орталығы юрисдикциясында тіркелген Исламдық қаржыландыру жəне бизнес қауымдастығына (AIFB) қосылды.
Қауымдастық ислам қаржыландыру саласында біріктіруші алаң ретінде құрылып, Қазақстанда исламның қаржы бойынша қағидаларын жүзеге асыруда белсенді атсалысып келеді. AIFB мамандарды, кәсіпкерлерді, ғалымдарды және сала өкілдерін біріктіріп қана қоймай, Қазақстанда ислам қаржыларын қолдау және дамыту үшін реттеуші органдар мен мемлекеттік мекемелермен белсенді әрекеттеседі.
«Біз халал инвестицияларын дамыту мен насихаттау үшін белсенді жұмыс істейміз. Соңғы жылдары бұл бағыт тез дамып келеді және үлкен сұраныста. Осы бағыттағы алғашқы қадамды біз 2023 жылы ITS Shariah индексін іске қосу арқылы жасадық. Ассоциациямен бірлескен жұмысымыз Қазақстанда ислам бизнесі мен қаржыландыруды дамытуға берік негіз болатынына сенемін», - деді ITS бас директоры Шыңғыс Қанапиянов.
ITS Shariah индексіне Шариғат талаптарына сай келетін және ITS-те айналымда болатын 30 ірі компанияның акциялары кіреді. Жақын арада Орталық Азия мен Закавказьедегі алғашқы ITS Shariah индексіне негізделген шариғаттық индекстік ETF пайда болады.
«ITS сияқты компаниялардың қауымдастыққа қосылуы халал инвестициялар үшін мүмкіндіктердің ашылу мен әлемдік назарды аударудағы маңызды қадам болып табылады. Біздің ынтымақтастығымыз елде және өңірде исламдық қаржыландырудың ұзақ мерзімді және тұрақты дамуына берік негіз болатынына сенеміз», - деді Исламдық қаржыландыру жəне бизнес қауымдастығы (AIFB) төрағасы Мадина Түкүлова.
ITS туралы ақпарат
ITS халықаралық өтімділік орталығы болып табылады. ITS бизнес үлгісі инвесторларға әлемдік қаржы нарығында және кез келген көлемде best execution (ең жақсы бағамен) бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға мүмкіндік беретін және smart order routing (өтімділікті қамтамасыз ету) технологиясына негізделген. Осы технологиялардың арқасында ITS-те шетелдік бағалы қағаздардың өтімділігі бағалы қағаздар сатылатын жетекші халықаралық биржалардағымен бірдей.
ITS Central Securities Depository Limited - ITS орталық депозитарийі - бағалы қағаздарды сақтау және есеп айырысу бойынша депозитарлық қызметтерді көрсетеді.
Operating a clearing house acting as a Central Counterparty – ITS орталық контрагент ретінде әрекет ететін клирингтік орталықты басқару, клирингке қатысушылардың барлық міндеттемелерінің тарапы болып табылады және ITS сауда алаңында жасалған мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асырады.
ITS өзінің ITS World (ITSW) және ITS Shariah (ITSS) индекстерін есептейді.
ITS-тің тікелей клиенттері Қазақстанның және басқа елдердің бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары – аккредиттелген және АХҚО-да тікелей тіркелген қаржылық делдалдар болып табылады. Инвесторлар – жеке және заңды тұлғалар – брокерлер мен банктер арқылы сауда жасауға мүмкіндік алады.
ITS баспасөз қызметі
ITS-тің ресми телеграм каналы