ITS алаңында қазан бойынша сауданың көлемі 65,7 млн долларды құрады
ITS халықаралық сауда алаңындағы акциялар мен депозитарлық қолхаттар саудасының көлемі қазан айында 65,7 млн долларды (31,3 млрд теңге1) құрады. Бұл 2023 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 57,2%-ға көп (41,8 млн доллар). Халықаралық компаниялардың акциялары мен депозитарлық қолхаттарымен мәмілелердің жалпы саны 29,8 мың мәміле болды.
Акциясы сатылым жағынан ең жоғары болған топ-10 компания тізіміне Birkenstock Holding (ITS: BIRK, 11,8% қазан айының жалпы сауда көлемінен), Coinbase Global (тикер: COIN, 8,03%), Tesla (тикер: TSLA, 3,46%), Marathon Digital Holdings (тикер: MARA, 3,01%), MicroStrategy Incorporated (тикер: MSTR, 2,57%), Molina Healthcare (тикер: MOH, 1,34%), Palantir Technologies (тикер: PLTR, 1,28%), Affirm Holdings (тикер: AFRM, 1,18%), Zoom Video Communications (тикер: ZM, 1,17%), Block (тикер: SQ, 1,12%) кірді.
ITS -тің жеке қор индекстерін – ITS World Index және ITS Shariah Index мәндерін қазанның 31 бойынша мынандай мәндерін көрсетті: 945,82 пункт (-2,88 % м/м) және 933,09 пункт (-4,72% м/м) сәйкесінше.
Инвесторлар үшін АҚШ, Еуропа және Азия компанияларына тиесілі 1 658 акциясы мен депозитарлық қолхаттары және американдық NYSE және NASDAQ биржаларында бастапқы листингтері бар 186 ETF бағалы қағаздары қолжетімді болады.
1 - АҚШ долларының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің әрбір сауда күніндегі теңгеге айырбастау бағамы
ITS туралы ақпараттар
ITS – өтімділіктің халықаралық хабы. Best execution принцепі мен smart order routing технологиясы негізіндегі бизнес-модельмен құнды қағаздар сауда-саттығын жүргізетін алаң. Яғни, ITS инвесторларға құнды қағаздарды жаһандық қаржы нарығындағы тиімді бағада әрі кез келген көлемде ұсынады.
ITS-тегі сауда сессиясының ұзақтығы тәулігіне 16 сағаттан аптасына 5 күн жүргізіледі. Сауда Астана уақытымен сағат 11:00 басталып, 03:00 жабылады. Яғни, Азия, Еуропа және Америка биржаларының жұмыс уақыты қамтылады.
ITS баспасөз қызметі
pr@itsx.kz