Өзіміздің жеке есеп айырысу мен клирингтік инфрақұрылымды іске қосқанға дейін ITS - те сауда-саттық тоқтатылады

ITS халықаралық сауда алаңында қарашаның 17-сінен бастап сауда-саттық уақытша тоқтатылады. Бұл ресейлік есеп айырысу-клирингтік инфрақұрылымды пайдаланудан толығымен бас тартып, «Астана» халықаралық қаржы орталығының құзырында салынған Қазақстандық инфрақұрылымға көшу қажеттілігінен туындап отыр. 

ITS 2023 жылдың маусымынан бастап өзінің есеп айырысу және клирингтік инфрақұрылымын құруда. 2024 жылдың бірінші тоқсанында оған толығымен көшіп, сауда-саттықты қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

 

Баспасөз қызметі
pr@itsx.kz