British Arm Holdings бағалы қағаздарының ITS-те бірінші күнгі саудасының нәтижелері

2023 жылдың 14 қыркүйегінде ITS NASDAQ-тағыдан бірнеше сағат бұрын, Астана уақыты бойынша сағат 17:30-да Arm Holdings plc британдық микропроцессор әзірлеушісінің депозитарлық қолхаттарының саудасын бастады.

Arm Holdings plc түбіртектермен бірінші мәміле 17:31:32-де бір акция үшін  $57,9 бағамен жасалды. Соңғы сауда бағасы $61,92 болды. 14 қыркүйек бойынша ITS - тегі сауда көлемі $1,17 млн құрады. 

Arm Holdings plc түбіртектерінің ITS-те саудасы компания 13 қыркүйекте NASDAQ биржасында IPO кезінде тапсырыстар кітабын ұсыныс бағасы $51-мен жапқан күннен кейін басталды.

ITS-тегі Arm Holdings plc бағалы қағаздарына ARM коды белгісі берілген. ARM транзакциялары АҚШ долларымен саудаланады және есеп айырысады. Ең аз лот – бір бағалы қағаз. ITS бойынша бағалы қағаздармен сауда-саттық Астана уақыты бойынша келесі күні сағат 17:30-дан 03:00-ге дейін жүргізіледі.

Эмитент және шетелдік бағалы қағаздар туралы толық ақпаратты осы сілтемеден алуға болады.

 

Arm Holdings plc туралы ақпарат
1990 жылы негізі қаланған британдық Arm Holdings компаниясы чип архитектурасына және жалпы дизайнға, соның ішінде компоненттер мен бағдарламалау тілінің нұсқауларына маманданған.

Arm Holdings шешімдерін микроэлектроника өндірушілері пайдаланады, оларға компания өнімділігі жоғары және энергияны үнемдейтін процессорлық технологияларды және соған байланысты технологияларды лицензиялайды.

Компанияның мәліметі бойынша, әлем халқының 70 пайызы оның әзірлемелері бар құрылғыларды пайдаланады. Олар әлемдегі смартфондардың 99%-дан астамында, сондай-ақ 250 миллиард микроэлектрондық құрылғыларда – әртүрлі мақсаттағы сенсорлардан суперкомпьютерлердің орталық процессорларына дейін қолданылады.

Компания әлемдік нарықтағы өз үлесін 48,9% бағалайды және 2025 жылға қарай сату көлемін 246,6 миллиард долларға дейін арттыруға ниеттеледі.

 

ITS туралы ақпараттар
ITS – өтімділіктің халықаралық хабы. Best execution принцепі мен smart order routing технологиясы негізіндегі бизнес-модельмен құнды қағаздар сауда-саттығын жүргізетін алаң. Яғни, ITS инвесторларға құнды қағаздарды жаһандық қаржы нарығындағы тиімді бағада әрі кез келген көлемде ұсынады.  

ITS-тегі сауда сессиясының ұзақтығы тәулігіне 16 сағаттан апатасына 5 күн жүргізіледі. Сауда Астана уақытымен сағат 11:00 басталып, 03:00 жабылады. Яғни, Азия, Еуропа және Америка биржаларының жұмыс уақыты қамтылады.



ITS баспасөз қызметі
pr@itsx.kz