ITS ЕуроөАзия қор биржалары федерациясыныі мүшесі болды

Еуро-Азия қор биржалары федерациясы (FEAS) сәуірдегі отырысының қорытындысы бойынша қауымдастық мүшелерінің қатарына ITS халықаралық сауда платформасын қосты.

Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Таяу Шығыстағы қор биржаларын біріктіретін FEAS-тің негізгі миссиясы Еуразиялық аймақтағы ынтымақтастықты дамыту және капитал нарықтарын ынталандыру болып табылады. Ұйым 32 мүшені біріктіреді: ITS-ті қосқанда 22 толық мүше, сондай-ақ он қауымдастырылған мүше, тоғыз бақылаушы және бес серіктес, пошта мекемелері, дилерлік қауымдастықтар және 29 елден аймақтық федерациялар.

«Еуро-Азия биржалары федерациясының негізгі мақсаты ITS алдына қойған миссиясы мен міндеттеріне сәйкес келеді. ITS те Орталық Азия және Еуразиялық аймақ елдерінің қаржы нарығын дамытуға, ынтымақтастыққа және ілгерілетуге бағытталған. Аймақтың қор нарығын дамытудағы ITS рөлін мойындаумен қатар, FEAS мүшелігі біліммен, зерттеулермен және жарияланымдармен алмасуға негіз береді, сонымен қатар ITS-ке бизнеске қолдау жасауға және FEAS ConFEAS халықаралық іс-шараларына қатысуға мүмкіндік береді», - деді ITS басқарма төрағасы Шыңғыс Қанапьянов.

 

ITS баспасөз қызметі
pr@itsx.kz