ITS рекордтық 7,2 миллион доллар күнделікті сауда көлемін тіркеді

2023 жылдың 19 қыркүйегінде ITS халықаралық компаниялардың акциялары мен депозитарлық қолхаттарының 7,20 миллион доллар сомасындағы күнделікті рекордтық сауда көлемін тіркеді. Бұл 2023 жылғы 14 қыркүйектегі 2,65 миллион долларды құраған алдыңғы рекордтан 2,7 есе көп.

Халықаралық компаниялардың акциялары мен депозитарлық қолхаттарымен мәмілелердің жалпы саны 1, 62 мәміле болды.

Акциясы сатылым жағынан ең жоғары болған топ-10 компания тізіміне Maplebear (тикер ITS: CART), Li Auto (LI), Marathon Digital (MARA), Cinemark (CNK), Carnival (CCL), The Coca-Cola (KO), Intel (INTC), Apellis Pharmaceuticals (APLS),  DigitalOcean (DOCN), EchoStar (SATS) кірді. 

19 қыркүйек бойынша инвесторлар үшін америкалық NYSE және NASDAQ биржаларындағы бастапқы листингіпен АҚШ, Еуропа және Азия компанияларына тиесілі 1661 акция мен депозитарлық қолхаттар қолжетімді болды.

Америкалық бағалы қағаздармен сауда-саттық және мәмілелер жүргізу бойынша есеп айырысу ITS-те АҚШ долларымен жүреді. Бағалы қағазбен сауда жасаудың ең аз көлемі (лот) – бір акция. 

 

ITS туралы ақпараттар

ITS – өтімділіктің халықаралық хабы. Best execution принцепі мен smart order routing технологиясы негізіндегі бизнес-модельмен құнды қағаздар сауда-саттығын жүргізетін алаң. Яғни, ITS инвесторларға құнды қағаздарды жаһандық қаржы нарығындағы тиімді бағада әрі кез келген көлемде ұсынады.  

ITS-тегі сауда сессиясының ұзақтығы тәулігіне 16 сағаттан аптасына 5 күн жүргізіледі. Сауда Астана уақытымен сағат 11:00 басталып, 03:00 жабылады. Яғни, Азия, Еуропа және Америка биржаларының жұмыс уақыты қамтылады.

ITS өзінің алғашқы жеке қор индекстерін – ITS World Index және ITS Shariah Index мәндерін жариялай бастады. 



ITS баспасөз қызметі
pr@itsx.kz