ITS алаңында қыркүйек бойынша сауданың көлемі 41,8 млн долларды құрады

ITS халықаралық сауда алаңындағы акциялар мен депозитарлық қолхаттар саудасының көлемі қыркүйек айында $41,8 млн құрады. Бұл 2023 жылғы тамызбен салыстырғанда 62%-ға көп ($25,8 млн). Халықаралық компаниялардың акциялары мен депозитарлық қолхаттарымен мәмілелердің жалпы саны 15,1 мың мәміле болды.

Қыркүйектің 19-ы мен 20-сында ITS акциялар мен депозитарлық қолхаттарының 7,20 миллион доллар және 10, 4 миллион доллар сомасындағы күнделікті рекордтық сауда көлемдерін тіркеді.

Акциясы сатылым жағынан ең жоғары болған топ-10 компания тізіміне Klaviyo, Inc. (ITS: KVYO, 28,1% қыркүйек айының жалпы сауда көлемінен), Maplebear Inc. (ITS: CART, 16,3%), Arm Holdings (тикер: ARM, 3,7%), Marathon Digital Holdings (тикер: MARA, 2,5%), Tesla (тикер: TSLA, 1,4%), Carnival Corporation (тикер: CCL, 1,3%), Li Auto (тикер: LI, 1,1%), MicroStrategy Incorporated (тикер: MSTR, 1,1%), American Airlines Group (тикер: AAL, 0,8%), Alphabet (тикер: GOOG, 0,7%) кірді.

ITS -тің жеке қор индекстерін – ITS World Index және ITS Shariah Index мәндерін қыркүйектің 29-ы бойынша мынандай мәндерін көрсетті: 974,71 пункт (-2,96 % м/м) және 982,00 пункт (-3,43% м/м) сәйкесінше.

Инвесторлар үшін америкалық NYSE және NASDAQ биржаларындағы бастапқы листингіпен АҚШ, Еуропа және Азия компанияларына тиесілі 1660 акция мен депозитарлық қолхаттар қолжетімді болды.

Америкалық бағалы қағаздармен сауда-саттық және мәмілелер жүргізу бойынша есеп айырысу ITS-те АҚШ долларымен жүреді. Бағалы қағазбен сауда жасаудың ең аз көлемі (лот) – бір акция.

 

ITS туралы ақпараттар
ITS – өтімділіктің халықаралық хабы. Best execution принцепі мен smart order routing технологиясы негізіндегі бизнес-модельмен құнды қағаздар сауда-саттығын жүргізетін алаң. Яғни, ITS инвесторларға құнды қағаздарды жаһандық қаржы нарығындағы тиімді бағада әрі кез келген көлемде ұсынады.   

ITS-тегі сауда сессиясының ұзақтығы тәулігіне 16 сағаттан аптасына 5 күн жүргізіледі. Сауда Астана уақытымен сағат 11:00 басталып, 03:00 жабылады. Яғни, Азия, Еуропа және Америка биржаларының жұмыс уақыты қамтылады.



ITS баспасөз қызметі
pr@itsx.kz